Әлемдегі ең мықты әскери-теңіз флоттары қай елдерге тиесілі

12 Желтоқсан 2019, 11:46
12018
Бөлісу:
Әлемдегі ең мықты әскери-теңіз флоттары қай елдерге тиесілі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық The National Interest журналы флоттары мықты елдерді атады. Алпауыт флоттардың тізімін АҚШ және Қытай әскери-теңіз күштері бастады.

Публикация авторларының пікірінше, бірінші орында америкалық флот тұр. Олардың айтуынша, аталмыш флоттың қарамағында кемелер саны көп және оның жауапкершілік аумағы үлкен.

USS-America-LHA.jpg

Ешбір әскери-теңіз флоты АҚШ әскери-теңіз күштері тәрізді жаһандық деңгейді қамтымайды. Олар Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарында, Жерорта теңізі, Парсы шығанағында үнемі жұмыс істейді, - делінген хабарламада. 

Америкалық флоттың құрамында 288 кеме бар, олардың ішінде 10 авиатасымалдағыш, 62 эскадралық минатасушы және 17 желкенді әскери кеме бар.

Америкалық флоттан кейін Қытай әскери-теңіз флоты көшбастап тұр. Басылымның мәліметінше, ол соңғы 25 жылда ең ұзақ жол жүріп өткен флот саналады. Ол 25 эскадралық минатасушы, 42 желкенді әскери кеме және 3 десанттық кеме және т.б. кемелермен қамтылған.

6_1f717ab3_d_850.jpg

The National Interest деректеріне сүйенсек, Ресей флоттың қуаттылығы жағынан әлемде үшінші орында. Ресей әскери-теңіз күштеріндегі кемелердің көпшілігі негізінен кеңес дәуірінен қалған. Дегенмен, жаңа техникамен де үнемі қамтамасыз етіліп отырады. Ресей флоттарының құрамында 79 үлкен кеме, оның ішінде 13 эскадралық минатасушы, 5 крейсер және 52 сүңгуір қайық бар. Олардың дені - соғыс кезінде жасалған.

320.970.jpg

Төртінші орында Ұлыбританияның Корольдік әскери-теңіз флоты орналасты. Алпауыт флот 19 желкенді әскери кемелер мен эскадралық минатасушылар, 3 үлкен кеме және 7 атомдық сүңгуір қайықтар, 4 баллистикалық ракетасы бар сүңгуір қайықтармен жабдықталған.  

1509101261_1.jpg

Үздік бестікке құрамында 114 кемесі бар жапониялық флот енді. Әлемнің үздік әскери-теңіз күштері саналатын жапониялықтардың флотында 16 үлкен кеме бар.

EHkLpM3WwAcrnjF.jpg

Өзгелердің жаңалығы