Әшімбаев азық-түлік бағаларының өсуіне не себеп болғанын айтты

3 Желтоқсан 2021, 10:51
1578
Бөлісу:
Әшімбаев азық-түлік бағаларының өсуіне не себеп болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен парламенттік тыңдауда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев азық-түлік бағаларының өсуіне не себеп болып отырғанын айтты.

Сенат спикері атағандай, ауыл шаруашылығын қаржыландыру жүйесін жетілдіру де маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі қолданыстағы субсидиялау жүйесінде бітқатар мәселе бар.

Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында осы тақырыпқа ерекше назар аударған болатын. Сол себепті тиісті министрлік пен «Бәйтерек» холдингі саланы субсидиялау жөніндегі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасап, олқылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет, – деді ол.

Әшімбаев саладағы тағы бір өзекті мәселеге тоқталды.

Азық-түлік тауарларына әділ баға белгілеу де өзекті. Өнімнің кейбір санаттары бойынша импорт үлесі айтарлықтай көп екені жасырын емес. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолға делдалдар орнығып алған. Осыдан аталған өнімдердің бағасы айтарлықтай өсіп отыр, – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев Сенатта.
Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көтерме тарату орталықтарының желісін дамыту өзекті мақсаттың бірі екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы