Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушыларды Дүниежүзілік гимназиадаға шығарып салды
PHOTO
13 Мамыр, 17:21 464

Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушыларды Дүниежүзілік гимназиадаға шығарып салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асхат Аймағамбетов  Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында қазақстандық оқушыларды Дүниежүзілік гимназиадаға шығарып салды. Жарыс 14-22 мамыр аралығында Францияның Нормандияда қаласында өтеді. Білім және ғылым министрі де жас спортшыларға қолдау көрсетіп, жылы лебізін білдіру үшін әуежайға барды.

Біз алғаш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысайын деп отырмыз. Сіздер алдағы жарыстарға ұзақ уақыт бойы дайындалдыңыздар және спорттың 18 түрінен Қазақстанның намысын қорғауға аттанып барасыздар. Оқушыларымыздың әлеуеті зор екенін білемін, сол себепті біздің құрама еліміздің намысын лайықты түрде көрсете алатынына сенімдімін. Салауатты өмір салты мен дене шынықтыру мектеп қабырғасынан қалыптасады. Біз қазір мектеп және студенттік спорт лигаларын белсенді түрде дамытып жатырмыз. Бұл – біз үшін басым бағыттың бірі. Сіздерге жеңіс тілеймін және ұлттық құрамамыздың қоржынына медаль күтеміз!, – деп айтты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларға айтқан сөзінде.

Қазақстан құрамасы сапында 234 оқушы өнер көрсетеді. Олар әлемнің 70 елінен келген құрдастарымен (16-18 жас) күш сынасады.

Оқушылар бадминтон, 3х3 баскетбол, бокс, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, спорттық бағдарлау, жүзу, жағажай волейболы, регби, спорттық гимнастика, садақ ату, таеквондо, семсерлесу, көркем гимнастика сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...