Асқар Мамин Ақтөбеде 18 мың теңгеге күрте сатып алды

24 Тамыз 2019, 08:47
1678
Бөлісу:
Асқар Мамин Ақтөбеде 18 мың теңгеге күрте сатып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Ақтөбе қаласына жұмыс сапары кезінде «Глобал Спецодежда» ЖШС-нің тігін фабрикасына барып, киімдердің арзан бағасына таңғалды, деп хабарлады Aktobenews.kz.

2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан фабрикада 200 адам еңбектенеді. Соның 30%-ы мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелері.

Фабриканы аралау барысында премьер-министр Асқар Мамин көк түсті күртенің 18 мың теңгеге сатылып тұрғанын көріп, сол бойда оны сатып алды.

 

Өзгелердің жаңалығы