Бас жаңалықтар
#АрысБізБіргеміз. Атыраудан дәрігерлер жолға шықты
25 Маусым 2019, 14:31 276

#АрысБізБіргеміз. Атыраудан дәрігерлер жолға шықты

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраулықтар зардап шеккен Арыс жұртына көмек жинап, қолдау көрсетуді бастап кетті. Таң атысымен «Нұр Отан» партиясына азық-түлігін, киім-кешек, тұрмыстық тауарларын арқалап келіп жатқандар көп. Кәсіпкерлер қап-қабымен, қарапайым халық сөмкелеп әкеліп жатыр. 

«Кешегі Арыста болған жағдай өте ауыр қабылдадық. Атырау тұрғыны ретінде өз көмеегімді беруге келдім. «Көп түкірсе көл болады» дегендей отбасым атынан аз ғана көмегімді әкелдім. Бәріміз бірігіп, қолдау көрсетейік дегім келеді», - дейді Атырау қаласы тұрғыны Тілекқабыл Байғазиев. 

Қазіргі таңда облыс бойынша көмек жинайтын қабылдау пункті «Нұр Отан» партиясы Атырау облысы филиалында орналасқан. Нұротандықтардың мәліметінше олар Арыстағы қабылдау пунктімен тікелей байланыста отыр. Жиналған көмекті күндегісін күнде пойыз арқылы жіберіп тұрамыз дейді. 


«Барша қазақстандықтармен бірге атыраулықтарда өздерінің көңіл, ниетттерін көрсетіп жатыр. Біз Арыстағы қабылдаушылармен тікелей байланыс жасап жатырмыз. Қандай қажеттілік керегін сұрастырудамыз. Сонымен қатар өңірдегі барлық компаниялар, кәсіпкерлер, барлық сала қызметкерлері көмек аударуда. Атырау облысы бойынша қазіргі таңда жарты күн ішінде есеп-шотқа үш млн-нан астам қаржы жинақталды»,- дейді «Нұр Отан» партиясы Атырау облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары дейді Нұрлыбек Ожаев.

Сонымен қатар өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер және нұротандықтар бір күндік еңбекақыларын аударып жатыр. Аймақта шамамаен үш мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар. 


«Арыс қаласындағы зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында Атырау облысы әкімдігі және әкімдікке қарасты барлық мемлкеттік қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударып жатыр. Мемлекеттік қызметкерлер отандастарының басына түскен жағдайға көмек қолын созу өз азаматтық борышымыз деп есептейді», - дейді Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің маманы Әлпеш Садық. 

Сонымен қатар Атыраудан Арысқа оннан астам дәрігер жіберілген.


Фото: автордан

Сізден жаңалық