«Арыс, бiз бiргемiз» акциясы болып жатыр

24 Маусым 2019, 21:36
2900
Бөлісу:
«Арыс, бiз бiргемiз» акциясы болып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Арыстағы ақпаратқа байланысты Ұлттық арнада арнайы шығарылым болды.

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы соңғы ақпараттармен Гүлжазира Ғалиқызы тікелей эфирде бөлісті.

"Дәл қазір біз Арыс қаласынан 12 шақырымдық жердегі Ақжол ауылындағы Жамбыл Жабаев атындағы мектепте орналасқан бач штабта тұрмыз. Бірнеше минуттан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жерге келеді деп күтілуде. Бұған дейін Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің өкілі және аймақ басшысы осы жерде баспасөз жиынын өткізген болатын. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 45 мың тұрғыны бар қала толық эвакуацияланды. Соңғы сағатта 1600 адам қауіпсіщ жерге көшірілген", - дейді тішлі.

Ордабасы ауданы әкімдігінің өкілі Азамат мырза мән-жайды айтты.

"Қазіргі таңда тұрғындарды қабылдауға үш пункт ашылды. Түстен бері Шымкент, Түркістаннан көмекке таксилер мен отбасылы адамдар келді. Бүгін қазақтың қазаққа жаны ашыған күн болды",- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы