Бас жаңалықтар
Қару тапсырып 140 мың теңге алды
28 Маусым 2019, 15:57 332

Қару тапсырып 140 мың теңге алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда бір ғасырдан астам тарихы бар екі қаруды тапсырған тұрғын 140 мың теңге алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

2019 жылдың 10 сәуірінен өңірде заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу бойынша республикалық акция өтуде.

«Акция барысында павлодарлық тұрғын Оңтүстік полиция бөліміне «Вальтер» және «Маузер тапаншаларын тапсырды. Ер адам оны үй салу кезінде тауып алғанын айтты. Бұл тапаншалар 1895-1940 жылдары шығарылған. Қаруларға сараптама тағайындалды» , - дейді департаментте. 

Осы тапсырылған қару үшін павлодарлық тұрғын әрбір бірлікке шамамен 70 000 сомасында сыйақы алады. 

Акция кезінде облыстық полиция бөліміне 154 бірлік атыс қаруы және 330-дан аса иір ойықты мылтықтың оқ-дәрісі тапсырылды. Жалпы шара барысында қаруларды ерікті түрде тапсырған облыс тұрғындарына 4 млн теңгеден аса қаражат төленді. 

Қаруды ерікті түрде тапсырған тұлға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Загрузка...

Сізден жаңалық