Бас жаңалықтар
Арабтарға 49 жылға жалға жер телімі беріледі
24 Желтоқсан 2020, 10:49 1629

Арабтарға 49 жылға жалға жер телімі беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында Нұр-Сұлтан қаласында БАӘ елшілігіне, ал Әбу-Даби қаласында Қазақстан елшілігіне жер телімін беретін заң жобасы қабылданды.

«Қазақстан Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің және БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігінің қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» деп аталады.

2017 жылғы 15 қаңтарда Әбу Даби қаласында жасалған аталған келісімді ратификациялау екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру және дипломатиялық қатынастарды дамыту үшін маңызды. Заң жобасының қабылдануы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасайды, - деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Оның айтуынша, келісімнің 1-бабына сәйкес әмірліктер тарапына Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздік және Р.Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында көлемі 26 147 шаршы метр жер учаскесі, ал қазақстандық тарапқа Әбу Даби қаласында дипломатиялық корпус орналасқан ауданда көлемі 11 148 шаршы метр жер учаскесі 49 жылдық мерзімге өтеусіз пайдалануға, кейіннен осындай мерзімге ұзарту шартымен беріледі.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың БАӘ басшылығымен жеке достық қарым-қатынасының арқасында 2010 жылғы 19 қазанда Әбу Даби әмірлігінің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігінің қажеттіліктері үшін өтеусіз және мерзімсіз пайдалану үшін қосымша 1 гектар жер учаскесін бөлу туралы бұйрық шығарған,- дейді министр.

Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//