Қарағанды мұғалімдері кәсіпкерлік негіздерін оқыды

21 Тамыз 2019, 20:32
1775
Бөлісу:
Қарағанды мұғалімдері кәсіпкерлік негіздерін оқыды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқушылар мен студенттерді кәсіпкерлік және бизнес негіздеріне үйрететін болады. Бұл пән бағдарламада жаңа оқу жылында пайда болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Қарағандыда мұғалімдер үшін жаңа пәнге дайындау үшін әдістемелік курстар ұйымдастырылды.

Оқыту Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында жүргізіледі. Сондай – ақ, мектеп және колледж мұғалімдері мен Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және медицина университеті секілді екі ЖОО-ның оқытушылары партаға отырды. Курс 10 күнге созылады.

«Мұғалімдерді тәжірибелі бизнес-тренерлер, коучтер және менторлар оқытады. Сондай-ақ atameken.co онлайн-платформасында оқушылар мен мұғалімдер қосымша білім ала алады. Бағдарлама теориялық сабақтардан, ойын түріндегі практикалық тапсырмалардан, бизнес-кейстерді, бизнес-ойындарды талдаудан тұрады. Оқытушылар үшін семинарлар ұйымдастырылады. Бизнес-тренерлер мұғалімдерді кәсіпкерліктің негіздері туралы ақпараттармен толық таныстырады», - деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Қарлығаш Оспанова.

Жоғары сынып оқушылары мен студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне факультативтік түрде үйрететін болады. Оларға маркетинг, баға белгілеу қаржылық есеп, стартап-мәдениет және өз ісін іске қосу және жүргізу үшін қажет барлық басқа да мәселелер бойынша білім береді. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы бағдарлама әзірледі.

Өзгелердің жаңалығы