Қарағанды карантинге жабылады

29 Наурыз 2020, 14:24
6413
Бөлісу:
Қарағанды карантинге жабылады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыстың Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай қалаларында карантин режимі енгізіледі. Шектеулер ертеңнен бастап күшіне енеді.

Бұл жайында облыстық тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлімдеді.

Қарағанды қаласында 7 адамнан коронавирус індеті анықталды. Қарағанды қаласына халықтың 25% Шахтинск, Абай, Саран, Теміртау қалаларынан келіп-кетеді. Осыған байланысты аймақтық штабта аталған қалаларда карантин режимін енгізу жайлы шешім шығарылды, - деді Қанат Асқаров.

Оның айтуынша, аталған қалаларда біршама кәсіпкерлік нысандарының жұмысы тоқтатылады.

Қарағанды облысының бас санитарының қаулысын іске асыруға байланысты 30 наурыздан бастап Қарағанды аумағында қосымша қауіпсіздік шаралары жүргізіледі. Біріншіден, тұрғындардың үйден шығулары шектеледі. Азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға, банк қызметін пайдалануға, жұмысқа бару,а шектеу жоқ. Екіншіден, 65 жастан асқан тұрғындардың үйден шығуы шектеледі. Үшіншіден, адам көп жиналатын парктер, саябақтар, ойын алаңдары, жаяу жүргіншілер көшелері және тағы да да қоғамдық басқа орындар жабылады. Төртіншіден, бизнес-орталықтардың жұмыс уақытына өзеріс енгізіледі. Олар 10.00-15.00-гей дейін жұмыс істейтін болады. Бесіншіден, кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмыс уақытын 2 сағатқа қысқарту ұсынылады. Сонымен қатар, 2000 шаршы метрден кем нысандардың жұмысы тоқтатылады. Мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар жабылады. Шаштараз, сауна, монша, бумекерлік кеңселер және басқа да қызмет көрсету орындары жабылады, - дейді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров.

Ресторандар мен кафелер тек жеткізу қызметін көрсете алады. Көшеде үш адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл шектеудің бір отбасының адамдарына қатысы жоқ. Кәмелеттік жасқа жетпеген балалардың үлкендерсіз далаға шығуына тыйым салынады. 


Өзгелердің жаңалығы