Ақмолада аудан әкімінің орынбасары 600 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

26 Наурыз 2020, 13:18
1980
Бөлісу:
Ақмолада аудан әкімінің орынбасары 600 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өткізген брифингі барысында 1-департаменттің аға тергеушісі Данияр Болатұлы Бигайдаров еліміде пара алудың бірнеше фактісі тіркелгенін атап өтті.   

Қазіргі таңда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 50 істі тіркеп, олардың көбісі пара алу фактісі бойынша жасалған қылмыстар екенін анықтады. Сонымен қатар, өткен аптада он сот үкімі шығарылып, бірнеше лауазымды тұлға тиісті мерзімге жазаланды. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Ақмола облысы аудан әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол орындалған жұмыс фактілеріне қол қойғанымен қоса жұмыс тәртібін бұзғаны үшін 600 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктенеді, – деді Данияр Болатұлы брифинг барысында. 
Аталмыш іс бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жалғасуда. Күдіктілерге қатысты кінәлілік дәрежесін анықтау мен түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады.

Брифинг спикері осы іске қатысты өзге ақпараттар жеке мүддеге қатысты жарияланбайтындығын да атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы