Антониу Гутерриш әлем елдерін көмірден бас тартуға шақырды

4 Желтоқсан 2019, 07:20
2890
Бөлісу:
Антониу Гутерриш әлем елдерін көмірден бас тартуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоршаған ортада ауқымды өзгерістер болуына байланысты әлем елдері алаңдаулы. Осыған орай Мадридте БҰҰ-ның климаттық өзгеруіне қатысты XXV халықаралық конференциясы өтуде, деп хабарлайды 24.kz.

Алқалы жиынға атсалысқандар әлемдегі экология мәселелерді ортаға салып, проблеманы шешу жолдарын пысықтады. Шараға келген мамандар ғаламдық жылынумен белсенді күресудің халықаралық тәжірибесін талқылады. Халықаралық конференция енді ғана басталғанмен, БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдерін көмірден бас тартуға шақырып үлгерді. "Іске кірісетін уақыт жетті!". Дәл осындай ұранмен осы аптада Испания астанасы Мадридте климаттың өзгеруіне қатысты БҰҰ-ның конференциясы басталды.

Шараны басқаша СОР 25 деп те атайды. Осы жолғы конференцияға 20 мыңнан астам адам қатысты. Олардың арасында экология белсенділері мен мемлекет басшылары да бар. Сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері де шақырылды. Келген қонақтарды Испания Королі Филипп пен ханшайымы Летисия қарсы алды. 
Құр айтып қана қоймай, сөз бен істің бірігуі тиіс. Барлық саясаткерлерді іске білек сыбана кірісуге шақырамын. Қоршаған ортаның ластануы халықты алаңдатып отырғанын бәріміз білеміз. Алайда, нақты нәтиже болу керек, - деді БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш.
  .




Өзгелердің жаңалығы