Ангела Меркель елді вакцинация алуға шақырды

5 Желтоқсан 2021, 12:50
1262
Бөлісу:
Ангела Меркель елді вакцинация алуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ангела Меркель Германия азаматтарына жасаған соңғы бейне үндеуінде халықты covid-19 вирусына қарсы вакцинациялануға шақырды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Германияның бұрынғы канцлері “коронавирустың таралуын тек вакцинация арқылы ғана тоқтатуға болады” деген қағиданы ұстанады.

Екпе алыңыздар! Алғашқы вакцинация да, ревакцинация да вирустан қорғайды. Инфекция жұқтырғанның өзінде жеңіл өткеруге, өлімнің алдын алуға көмектеседі, - деді А.Меркель. 

Меркельдің айтуынша, жаңа "омикрон" штамы анықталған кезде вакцинациялану өте маңызды, себебі жаңа нұсқаның қауіпті жоғары болуы және тез таралуы мүмкін.

Ұлыбритания коронавирустың жаңа толқыны туралы мәлімдеді. Бір тәулік ішінде жағдайлардың рекордтық саны анықталды – шамамен 43 мың SARS-CoV-2 тасымалдаушысы тіркелді. Ал елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 10 421 104 адамға жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында соңғы 24 сағат ішінде COVID-19 салдарынан 127 науқастың қайтыс болғандығы туралы мәлімделген. Эпидемия құрбандарының жалпы саны 145 551-ге жетті.

Өзгелердің жаңалығы