Көктем шуағы. Жүз жасаудың құпиясы

8 Наурыз 2019, 10:04
6789
Бөлісу:
Көктем шуағы.  Жүз жасаудың құпиясы
PHOTO

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Сыр өңірі топырағында ғасыр ғұмыр иелері санаулы. Алмағайып, аласапыран заманды көріп, тағдырдың тауқыметін бастан өткерген, ұрпақ һәм ел үшін ерен еңбек еткен кейуаналар бүгінде немере-шөбере, шөпшегінің, ағайын-туыстың ортасында көктем мерекесін қарсы алып отыр.

Жаңақорған ауданы Қожакент елді мекенінде тұратын кейуана Ақшайы Қоқажанова – 104 жаста. Тоғыз құрсақ көтерген әже әлі тың. Сөзі нық. Шөбере-шөпшектерінің шаттығына бөленіп отыр.

«Аштықты көрдік. Қуғынға да куә болыппыз, тылда жүріп жұмыс істедік. Балаларыма, үйдегі кішкентайларға ақылымды айтып отырамын. Әрдайым адал болсаң, пейілің ағарып, жүрегің тазарады. Жүрек тазарса, өмір мәнді, шаруаң берекелі болады. Кешірімшілдік керек. Шүкіріңді аузыңнан тастамасаң мен сияқты ғұмырлы боласыңдар», – дейді әже.



Елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеп отырған тағы бір әже – Сұлу Кәзімқызы. Жаңақорғанның Келінтөбе ауылында тұратын ол 102-ші жастың көжесін ішуде.

«Сегіз құрсақ көтердім. Өйттік-бүйттік демейміз. Көп нәрсені көргеніміз рас. Біздің жастық шақтың қиын болғанын тарихтан білесіңдер. Ондай ауыртпалық енді болмасын. Елбасымыз бар, еліміз бейбіт, балаларымыз алаңсыз жұмыс істеп, оқып та жатыр. Бұдан артық қандай бақыт керек?!» – деді Сұлу әже.

Елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеп отырған тағы бір әже – Сұлу Кәзімқызы. Жаңақорғанның Келінтөбе ауылында тұратын ол 102-ші жастың көжесін ішуде.

Сұлу Кәзімқызы

Кейуана Оңтүстік Қазақстан облысында жарық дүние есігін ашқан екен. 1960 жылдары Келінтөбе елді мекеніне қоныс аударады. Алтын құрсақты ана сегіз баладан 54 немере, 133 шөбере, 16 шөпшек сүйіп отыр. Әженің жүзі жылы, ойы тұнық, сөзі анық. Ширақтау қимылдайды.


Ал Арал ауданының Аралқұм ауылында тұратын 103 жастағы Тәжігүл Еңсепова әжені жылда көктем мерекесінде ауданның, ауылдың әкімдері келіп құттықтап, батасын алып кетеді. Қария 1916 жылы Көкарал дейтін жерде туған. Жастайынан жұмысқа жегілген. Соғыс жылдары тылда еңбек еткен. Бейбіт заманда Райым ұжымшарында балық шаруашылығында жұмыс істейді. Жолдасы Төреғұл екеуі тоғыз баланы тәрбиелеп өсіреді. Кейуананың қазіргі күні 33 немересі, 66 шөбересі, 3 шөпшегі бар. Тәжігүл әже ұзақ жасаудың сыры жан баласына жамандық ойламауда жатыр дейді.

Арал ауданының Аралқұм ауылында тұратын 103 жастағы Тәжігүл Еңсепова әжені жылда көктем мерекесінде ауданның, ауылдың әкімдері келіп құттықтап, батасын алып кетеді. Қария 1916 жылы Көкарал дейтін жерде туған.

Тәжігүл Еңсепова

Алпысты алқымдаған баласы Елеуханның айтуынша, анасы сексеннің сеңгіріне шыққанша үй шаруасымен айналысып, тыным таппаған.

«Ауыруды білмейтін. Қазір де далаға шығып, әрі-бері жүргісі келеді. Кәрілік өз дегенін жасайды ғой, сырқаттанып қалар деп үйде жағдайын жасаймыз», - дейді ол.


Қызылорда қаласының тұрғыны Рахия Ақжанова болса, биыл 100 жасты толтырды. Ғасыр жасаған ананың әлі күнге дейін қолынан газет түстпейді.

Қызылорда қаласының тұрғыны Рахия Ақжанова болса, биыл 100 жасты толтырды. Ғасыр жасаған ананың әлі күнге дейін қолынан газет түстпейді. «Біз қазақ – ұлы елміз. Барлық қиыншылыққа шыдап келеді. Соның өтеуі шығар, қазір бейбіт дәуір бұйырды. Арагідік газет оқитыным бар. Бүгінде көзім нашарлады, сол себепті немерелеріме оқып береді», - дейді Рахия әже.

Рахия Ақжанова

«Біз қазақ – ұлы елміз. Барлық қиыншылыққа шыдап келеді. Соның өтеуі шығар, қазір бейбіт дәуір бұйырды. Арагідік газет оқитыным бар. Бүгінде көзім нашарлады, сол себепті немерелеріме оқып береді», - дейді Рахия әже.


Сонымен қатар, Шиелі ауданында Айзада Нұрымбетқызы есімді 97 жастағы Алтын алқалы ана бар. Жары Бәкір Жұманазаров екеуі отау құрып, Ақмая елді мекенінде алты ұл, бес қыз дүниеге әкеледі.

Қызылорда қаласының тұрғыны Рахия Ақжанова болса, биыл 100 жасты толтырды. Ғасыр жасаған ананың әлі күнге дейін қолынан газет түстпейді. «Біз қазақ – ұлы елміз. Барлық қиыншылыққа шыдап келеді. Соның өтеуі шығар, қазір бейбіт дәуір бұйырды. Арагідік газет оқитыным бар. Бүгінде көзім нашарлады, сол себепті немерелеріме оқып береді», - дейді Рахия әже.

Айзада Нұрымбетқызы

«Еңбекке ерте араластық. Трактор айдадым, жер жырттым. Ауыл болып, соның ішінде жолдасым да бар, бәріміз Шиелі каналын қазғанбыз», – дейді ол.

Айзада әже шойын жолда да ауыр жұмыс істеді. Жұбайы ұжымшардың ұсақ малын баққанда да қасында жүрді. Қиындыққа төзген, келешекке сеніммен қараған Айзада Нұрымбетқызы 29 немере, 54 шөбере сүйген. Бір әттегенайы, бүгінде әженің қос жанары сөніп қалған. Жүріп-тұруға да қауқарлы емес. Десек те, ұрпақтары, келіндері ананы аялап, қадірлеп, бағып, әңгімелесіп отырады.

«Сәби дүниеге келсе – отбасының қуанышы. Қылығы да, күлкісі де қуаныш. Бала – бақыт, шырағым. Бұлар біздің жалғасымыз. Қазақ көбею керек. Жастардың бір-екі баламен шектелмегені жақсы», – дейді тыл ардагері.

Әженің кенжесі Талғат пен келіні Гүлзейнеттің айтуынша, кейуананың жаңадан екі тісі жарып шығыпты. Соған әже жас баладай қуанып қалады.


Шиелінің тағы бір тұрғыны Ұлман Мәмреева тоқсан бесінші көктемін қарсы алып отыр. Жастық шағы сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келген бойжеткен қолына қару алып, Отан қорғау үшін майданға аттануға өзі сұранады. Бірақ, 17 жастағы қызды әскери бөлім қабылдамады, үйіне қайтарды. Кейін есеп-қисап саласында қызмет қылды. Мекемелерге басшылық жасады.

Ұлман Мәмрейқызы жұбайы, майдангер Жәлел Қонаевпен шаңырақ көтеріп, екі қыз, үш ұл тәрбиелейді.

Шиелінің тағы бір тұрғыны Ұлман Мәмреева тоқсан бесінші көктемін қарсы алып отыр. Жастық шағы сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келген бойжеткен қолына қару алып, Отан қорғау үшін майданға аттануға өзі сұранады. Бірақ, 17 жастағы қызды әскери бөлім қабылдамады, үйіне қайтарды. Кейін есеп-қисап саласында қызмет қылды. Мекемелерге басшылық жасады.

Ұлман Мәмреева

«Біз бала болып ойнамадық, жас болып ойын-сауық көрмедік. Ес білгеннен еңбек етіп, маңдай терімізді төгіп келеміз. Соғыс жылдары әйелдер де ауыр жұмыс істеді. Емізулі баласын беліне байлап, есі барларын үйде қалдырып, иығына кетпен асып далаға кететін. Қорегіміз – қара су мен қара нан. Кейде ол да болмай қалады. Сондықтан, бүгінгі күнге шүкірлік қылған жарасады. Елде татулық, тыныштық болса, мәселенің бәрі өз орнына түседі», - дейді тыл ардагері.

Ұлман әже көзәйнексіз газет-журнал оқып отырады. Бақуатты. Туабітті тістері әлі сап-сау.


Қазалы ауданына қарасты Қашақбай Пірімов ауылында тұратын Мәрия Қожағұл биыл 101 жасқа келді. Ол Қазан төңкерісі аяқтала салысымен өмірге келіпті. Әкесі Сыдық пен анасы Үрбибі азын-аулақ мал бағып, бақша егіп күнелткен. Қызы Мәрия бойжеткен соң Соңғыбай есімді ауылдасына тоқалдыққа береді.

«Ыстық-суыққа қарамай, жұбайымның қасында жүріп, қой бақтым. Осылай 15 жылым өтіпті. Уақыт зымырап өткенін білмей қалады екенсің. Бес жүзден аса қойдың елуін арам өлтіріп алған кезім де болды. Қасқыр да көп. Қойға шапқанда зәрем ұшатын. Жолдасым араша түсіп, қойларды аман алып қалатын. Азық таппағанда өлген қойдың басын асқанымыз есімде. Дән де тапшы болды», - деген Мәрия әже тағдырына реніші жоғын жеткізді.

Шиелінің тағы бір тұрғыны Ұлман Мәмреева тоқсан бесінші көктемін қарсы алып отыр. Жастық шағы сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келген бойжеткен қолына қару алып, Отан қорғау үшін майданға аттануға өзі сұранады. Бірақ, 17 жастағы қызды әскери бөлім қабылдамады, үйіне қайтарды. Кейін есеп-қисап саласында қызмет қылды. Мекемелерге басшылық жасады.

Мәрия Қожағұл

«Тәңірінің жазуына көнбеу – күпірлік» деп отырған қария соғыстан кейінгі жылдары қой бағып жүріп, айдалада ешкімнің көмегінсіз қыз босанады. Оны көйлегіне орап, қымтап, үйіне әкеледі. Алайда әлсіз туған сәби шетінейді. Міне, содан бері құрсақ көтермеген. Десе де, бәйбішеден туған Науқанбай, Қалқабай атты ер балаларды бауырына басады.

Қазір кейуана Қалқабайдың баласы, яғни немересі Әмірдің қолында.

«Бұл кісіні «апа» деп атаймын. Мені кішкентайымнан бауырына басып, ешкі сүтін беріп өсірген. Күнде айран ішкізетін. Тәттінің бәрін менің аузыма тосатын. «Бала – баққандыкі, тапқандыкі емес» деген осы», - дейді Әмір.


Сонымен бірге, Қазалы ауданында Қанбибі Ілияшқызы да ұзақ өмір сүріп келе жатқанына шүкіршілік етеді.

«Осы жылы 93 жасқа толдым. Шүкір. Шүкірлік адамды бақытты қылады. Қазір көзім көріңкіремейді. Келінім жиын-тойға өзі ертіп апарады», - деген әже балалық шақта білім алуға құштар болғанын айтты.

Қазалы ауданына қарасты Қашақбай Пірімов ауылында тұратын Мәрия Қожағұл биыл 101 жасқа келді. Ол Қазан төңкерісі аяқтала салысымен өмірге келіпті. Әкесі Сыдық пен анасы Үрбибі азын-аулақ мал бағып, бақша егіп күнелткен. Қызы Мәрия бойжеткен соң Соңғыбай есімді ауылдасына тоқалдыққа береді.

Қанбибі Ілияшқызы

Нәубет жылдары әкесі мен бауырлары аштыққан демі үзілген. Аман қалған анасы мен ағасы үшеуі Арал өңірінен Қазалыға көшеді. Сөйтіп, олар егін егеді. Қанбибі мектепке қабылданады. Жетінші сыныптық мектепті бітіріп жатқанда Кеңес Одағы Жеңіс күнін тойлайды.

Алтын құрсақты ана 9 бала дүниеге әкелген. Алайда, төрт сәбиі шетінеген. Қалған бесеуі ер жетіп, бой жетіп, қатарға қосылған. Бүгінде 20-дан аса немересі, 30 шөбересі бар.

“Менен өзің секілді балалар «қалай ұзақ жасадыңыз» деп сұрайды. Ол менің қалауымда дейсің бе?! Жаратқанның берген ғұмыры. Бір білерім, үлкенге құрмет қылып, қызметін жасай беру керек. Үлкендердің «бақытты бол», «көп жаса», «өркенің өссін» деген баталарын аласың. Періште аумин десе, болды, Құдай қабыл қылады», – деді Қанбибі әже.


Бүгінгі біздің кейіпкерлеріміз, қос ғасырдың куәгерлері – үйлерінің берекесі. Ұл-қыздары, немере-шөберелері, ағайын-туыс, құда-жекжаты Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қарашаңыраққа жиналады. Ардақты әжелеріне сәлем беріп, батасын алады. Мерекемен құттықтап, сый-сияпат көрсетеді.


Ибраш Әли

Фото - автор

Өзгелердің жаңалығы