Бүгін Халықаралық әйелдер күні

8 Наурыз 2019, 09:53
2527
Бөлісу:
Бүгін Халықаралық әйелдер күні

Астана, BAQ.KZ. Бүгін қазақстандықтар жылдағы үрдіс бойынша 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өтеді.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні ретінде - Қазақстанда және ТМД елдерінде ерекше көңілмен аталып өтеді. Сонымен қатар, Еуропаның тоғыз мемлекетте тойланады.

Бұл күні Қазақстандық ер адаматтар барша нәзік жандыларды құттықтап, жылы лебіздерін арнап, гүл шоқтарын сыйлайды.

Қазақстан Республикасында да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні елорда мен барлық облыстарда мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жыл смайын осы мереке қарсаңында әйелдер қауымын арнайы қабылдап, құттықтайды. Мемлекет басшысы жылдағы үрдіс бойынша кеше де еліміздегі түрлі салада жетістікке жеткен нәзік жандарды құттықтаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы