Алматыдағы кардиология институтына шетелден емделушілер келе бастады

15 Қаңтар 2021, 13:54
1270
Бөлісу:
Алматыдағы кардиология институтына шетелден емделушілер келе бастады

Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Германия, Корей, Ауғаныстан, Ресей Федерациясы, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің азаматтары емделді. Бұл туралы институттың баспасөз қызметі хабарлады.

Ауғаныстаннан келген пациентке жүрек тамырларына стент жасалды, Әзірбайжан азаматына – жүректің радиожиілікті абляциясына ота жасалды, Корей елінен келген азаматқа – өңеш тамырларына эндоскопиялық лигилдеу, Қызғызстан азаматына – жүректің электрофизиологиялық зерттеулері жасалды. Германия және Ресей азаматтарына жүрек тамырларына коронарография жүргізілді. Грузия және Өзбекстаннан келген пациенттер консервативтік ем қабылдады. Сонымен қатар КІА ҒЗИ медициналық көмекті Қазақстанда тұрып жатқан және жұмыс істейтін шетел азаматтары да алуда,-делінген хабарламада.

Қазақстан денсаулығын оңалтқысы келетін шетелдіктер үшін жылдан-жылға тартымды болып отыр. Біздің елде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы шетелдегіден кем емес, себебі жоғары білікті медицина мамандары және жоғары технологиялық клиникалар секілді оң факторлар қалыптасуда. 

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында заманауи жоғары технологиялық жабдықтар, ғылыми-зерттеу және клиникалық база бар. Мұнда өз ісінің шеберлері жұмыс істейді, пациенттер осы мамандарға алдын ала жазылып, емделіп немесе ота жасатқысы келеді. Сондықтан республикамыздың барлық өңірлерінен, жақын және алыс шетелдерден емделуге келеді. Ақылы негізде клиникада емделген шетелдік азаматтардың саны 2020 жылы барлық емделген науқастардың 2,5% құрады.

Қазақстанда медициналық туризмнің дамуы денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша стимул беретіндігін атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы