Алматыдағы энергия кешендері қашықтан жұмыс істеуге көшірілді

18 Наурыз 2020, 13:22
1433
Бөлісу:
Алматыдағы энергия кешендері қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев онлайн-брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде Алматыны газбен, сумен қамту орталықтары штатты жағдайда жұмыс істей береді. 

Төтенше жағдай кезінде қаладағы энергия кешендерінде 100 апаттық топ құрылды. Олардың бәрі сақтық шараларын қатаң сақтауда. Сонымен қатар, энергия кешендері қашықтан жұмыс істеуге көшірілді, яғни жөндеу жұмыстары бойынша, төлем жасау сияқты қызметтер онлайн жұмыс істейді. Оның ішінде "Алматыжылу", "Алматысу", "Алматықалажарық" және "Алатау жарық" мекемелері онлайн режимге өтті. Бүкіл жұмыс қалыпты жағдайда болады және сапасы төмендемейді, - деді ол. 
Сонымен қатар, ол қызметкерлерінен коронавирус анықталған жағдайда ол қаладағы энергия кешендері тоқтауына әсер етпейтінін мәлімдеді.

Айта кетсек, ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді.

18 наурыздағы қазіргі жағдай бойынша Алматы қаласында 17 адамнан коронавирус анықталып отыр. Бүгін тағы екі жағдай тіркелді. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының айтуынша, коронавирусқа қарсы ел бюджетінен Алматы қаласы үшін 73,5 млн теңге бөлінген, ал жергілікті әкімдік қорынан 94,5 млн теңге бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы