Коронавирус: Алматыда тіркелген екі адам да шетелден келген

18 Наурыз 2020, 12:13
1428
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда тіркелген екі адам да шетелден келген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 18 наурыздағы қазіргі жағдай бойынша Алматы қаласында 17 адамнан коронавирус анықталып отыр. Бүгін екі жағдай тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, соңғы тіркелген екеуі 1974 және 1998 жылы туған әйел адамдар. 
Бірінші науқас Мәскеулік рейспен ұшып келген, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар емханасында ем алуда. Екінші адам 15 наурызда Стамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген. Қазіргі уақытта бұл адамдармен байланыста болғандар іздестірілуде. Қала бойынша байланысушылар оқшауланды, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта қалалық жұқпалы аурулар емханасында 14 науқас, балалар жұқпалы ауруханасында 2 бала және бір баланың анасы емделіп жатқанын айтты. Олармен байланыста болған адамдардың барлығы 14 күндік карантинге орналастырылған. 

Еске сала кетейік, полиция департаменті басқа мемлекеттердің органдармен бірлесе отырып инфекцияға душар болған  адамдармен байланыста болғандарды іздестіріп жатқаны туралы осыған дейін жазғанбыз. Бүгінгі таңда осындай 798 азамат анықталып, олар медициналық мекемелерге жеткізілді.


Өзгелердің жаңалығы