Алматыда жыл басынан бері 132 мың адам әлеуметтік көмек алды

31 Тамыз 2021, 16:39
7030
Бөлісу:
Алматыда жыл басынан бері 132 мың адам әлеуметтік көмек алды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Алматы қаласында халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауға 30 миллиардтан астам теңге бөлінді, оның 14 миллиард теңгесі жұмсалды. 

Бұл туралы Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева онлайн брифингте айтты.

Н. Тоғызбаеваның айтуынша, жыл басынан бері 132 мың алматылық әлеуметтік қолдау алған. Көмек «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрсетілген. Аз қамтылған азаматтар, мүгедектер аталған қолдауға ие болған. 

Сонымен қатар ол «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 13,8 млрд бөлінгенін, бұл қаражат 24 мыңнан астам адамға көмектесетінін айтты.

Осы жылдың 7 айында Жұмыспен қамту орталығына 27 мың адам жүгінген. 19 700 адам жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша белсенді шараларға тартылды, 17 900 адам жұмысқа орналастырылды. Тұрақты жұмыспен қамтылғандардың ішінде мегаполистің 8 700 тұрғыны бар, тағы 9 200 адам уақытша жұмыспен қамтылды, 1 100 адам қазір әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді, 1 500 үміткер жастар практикасына жіберілді. Білім беру ұйымдарының тағы 800 түлегін жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 6 600 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, - деді басқарма басшысы.

Өзгелердің жаңалығы