Бас жаңалықтар
Алматыда «Жолақ» камерасына 104 млн теңге бөлінді
08 Ақпан 2019, 11:51 741

Алматыда «Жолақ» камерасына 104 млн теңге бөлінді

Алматы, BAQ.KZ. Қалалық автобустарға орнатылған «Жолақ» бейне тіркегішіне 104 миллион теңге бөлінді. Бұл бейне камералар жол жүру ережесін қадағалап отырады, деп жазды Zakon.kz.


Аталған жүйе 2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап іске қосылған. Оның басты мақсаты – автокөліктердің қоғамдық көлік қана жүретін жолаққа түспеумін қамтамасыз ету, жол ережесін бұзғандарды тіркеу, соның ішінде автобус жүргізушісінің де.

Осы мақсатта қалалық бюджеттен 104 млн теңге бөлінген, қазір 50 автобус пен тролейбусқа жол ережесін бұзғандарды тіркейтін фото және бейне камералары қойылған.

Сізден жаңалық