Исландияда жанартау атқылауын тоқтатты

10 Мамыр 2024, 01:22
247
Бөлісу:
Исландияда жанартау атқылауын тоқтатты
Фото: icelandmonitor.mbl.is

Наурызда Исландияның оңтүстік-батысындағы Рейкьянес түбегінде басталған жанартаудың атқылауы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Iceland Monitor басылымының мәліметіне сүйенсек, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға әрекет ету департементінің сарапшылары Сундхнукур тауындағы жанартау атқылаған орында ұшқышсыз ұшатын аппаратпен басқарып көргенде кратерде ешқандай белсенділік байқалмаған.

Жанартаудың белсенділігі кеше төмендеді, кратерден ешқандай лаваның атқылауы орын алмады. Осылайша, 54 күнге созылған жанартау атқылауы аяқталды, - делінген метеоқызметтің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы