Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғалып кеткен алматылық Аяжан Еділованың денесі табылды.
Алматы полициясы күдіктіні ұстады.
Еске салсақ, Аяжанның әпкесі полицияға 2021 жылдың 20 наурызында сіңлісі жоғалып кеткенін айтқан.
Хабар-ошарсыз кеткен адамды тауып, оның жоғалу жағдайларын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. Жедел іздеу іс-шарасы барысында қыз жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездеспек болғаны анықталды. Ол онымен әлеуметтік желілерде танысқан. Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған күдікті ұсталды. Қылмыс жасаудың себебі мен тәсілін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, 19 жастағы Аяжан Еділова жұмыстан шыққаннан кейін үйіне оралмағаны хабарланған болатын.