Алматыдағы Көк базарға 1,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды

19 Маусым 2020, 14:56
1519
Бөлісу:
Алматыдағы Көк базарға 1,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сәйкес, "Компания "Достар-Коммерц" ЖШС-ға (Көк базар) 620 АЕК, яғни 1 722 360 теңге көлемінде айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды. 

Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметтері бойынша 3 маусымнан бері COVID-9 жұқтыру деңгейі артқан. Осыған байланысты коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жан-жақты шаралар қабылдануда.
Маусым айында азаматтардың өздерінің жүгіну және ұйымдар арасында ошақтардың пайда болуы есебінен ауру деңгейінің өскені байқалады. СЭС талаптарының бұзуына байланысты Көк базар да "Рахат" кондитерлік фабрикасы сияқты жабылып, айыппұл салынды. Біздің қазіргі міндетіміз, ұйымдардың өздері бүгінгі таңда азаматтардың денсаулығы қымбат екенін түсінулері үшін шаралар қабылдау, - дейді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.
"Рахат" АҚ кондитерлік фабрикасы қызметкерлерінің арасында COVID-19 оң нәтижелерінің тіркелуіне байланысты фабрика өз қызметін 24 маусымға дейін өз еркімен тоқтатқан.

Бұдан бөлек, "Компания Достар-Коммерц" базарының қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 20 оқиғасы тіркелуіне және 1 адам өлімінің тәркелуіне байланысты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 6 тармағына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша жұмысшылар мен сатушылар үшін байланыссыз термометрияның жоқтығы, 1 метрлік әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы, белгілердің жоқтығы, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдаланбау, сапасыз дезинфекциялық құралдарды пайдалану, нысанның жұмысы үшін рұқсат етілген режимнің сақталмауы бойынша бұзушылықтар анықталған.



Өзгелердің жаңалығы