Алматыда тағы бір көше опырылып түсті

6 Наурыз 2021, 21:05
1596
Бөлісу:
Алматыда тағы бір көше опырылып түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келесі аптада мердігер жобалық нұсқа бойынша жол жамылғысын қалпына келтіруге міндетті. Бұл туралы Алматы қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәлімдеді.

egemen.kz сайтынынң мәліметінше, Алматыда инженерлік желілерді ауыстыру технологиясының сақталмауы салдарынан өткен жұмада Төле би мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында топырақ шөгіп қалған еді. Ендігі жерде жөндеу жұмыстарын қайта жүргізіп жатқан мердігер ұйымға лицензиядан айыруға дейін қатаң санкция салынуы мүмкін.

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының алдын-ала мәліметтері бойынша, болған жағдайға Төле би көшесі арқылы тесіп өту әдісімен қайта жабу кезінде аталған учаскеде технология бұзылған, яғни су және кәріз желілері топырақта ауа қабатының пайда болуына әкеліп соққан.

Уақыт өте көлік қозғалысы салған салмақтан су құбырының жарылып, соның салдарынан жол опырылып қалды.

ҚҚББ-да түсіндіргендей, реконструкцияны жүргізген жеке фирма ҚР ӘҚБК-нің 312-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда заң тек үлкен айыппұл ғана емес, ҚҚББ атап өткендей, мердігер осындай жұмыстарды жүргізуге арналған лицензиядан айыруы мүмкін.

Құбырдың бұзылуына байланысты тұрғын үйлерге және басқа ғимараттарға судың берілуін «Алматы Су» МКК жедел бригадасы бірнеше сағат ішінде жөндеп, суық сумен қамтамасыз етті.

Көлік қозғалысын қайта қалпына келтіру үшін топырақ шөккен жердегі су сорылып, арнайы инертті материалмен толтырылды және үстіне бетон құйылды. Ол жер әбден кепкен соң уақытша сызба бойынша көлік қозғалысын ашуға мүмкіндік туады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алматыда көше опырылып, жүк көлігі түсіп кеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы