Алматыда ШОБ субъектілерінің саны 10,5%-ға өсті

3 Мамыр 2022, 12:32
1398
Бөлісу:
Алматыда ШОБ субъектілерінің саны 10,5%-ға өсті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша біз жеке кәсіпкерлікте жақсы өсу әлеуетін байқадық. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, Алматыдағы шағын және орта бизнес өзінің ұтқырлығы мен икемділігіне байланысты жаңа жағдайға тез бейімделе алады. Мәселен, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5% - ға өсіп, 217 822 бірлікке жеткен.

Біздің ең маңызды міндеттеріміздің бірі – кәсіпкерлерге көлеңкеден шығуға көмектесу және азаматтарды белсенді экономикалық қызметке тарту. Ол үшін біз дәстүрлі сауданы заманауи өркениетті форматқа ауыстырамыз. Бүгінде Алматыда 52 базар жұмыс істейді, онда 20 мыңнан астам кәсіпкер бизнес жүргізеді. Қазіргі уақытта 28 базар жаңғыртылды. 25 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, жұмыс орындарының саны 3,4 мыңға артты, бүгінгі таңда 16 қалалық базарда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, олардың 4 - і жұмысты осы жылдың соңына дейін аяқтайды,-деді Оразалин.

Базарларды жаңғыртудың нәтижесінде сауда жағдайларын жақсартып қана қоймай, антисанитарлық және стихиялық сауданы тоқтатуға жол ашылмақ.

Енді базар қызметкерлері жұмыс берушілерден жалақы мен қажетті әлеуметтік аударымдарды ала алады, сауда қызметінен бюджетке салық аударымдары ашық болады,-деді ол.
 

Өзгелердің жаңалығы