Бас жаңалықтар
Алматыда тағы да 700-ден астам "Сергек" орнатылады
29 Қараша 2019, 11:34 1969

Алматыда тағы да 700-ден астам "Сергек" орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік инфрақұрылымды модернизациялау жөнінде әрбір медицина ұйымдары мен аудандар бойынша 3 жылдық жоспар әзірленді.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі елордада өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

МЖӘ қағидасы бойынша мектеп салудың бағдарламасы жасалды. 2020-2020 жылдары жеке инвестиция есебінен 2240 орынды 4 мектеп, 8 мың орынды 300 балабақша ашу жоспарланған. Осылайша, бұл шаралар екі ауысымда оқытатын мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға, ал балабақшалардағы кезекті 10 мың орынға азайтуға мүмкіндік береді, - деді мегаполис басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, президент тапсырмасы бойынша Алматы қаласында видеомониторинг жүйесі енгізілуде. 

Таяу уақытта "Сергек" видеофиксация жүйесінің 707 посты орнатылады. Жалпы, полицияның материалдық-техникалық жарақтануы еліміз бойынша өте жоғары – 87%. Қауіпсіздік шараларын күшейту қылмыс санын 10,2%-ға қысқартуға және қылмыстың ашылуын 26-дан 30%-ға арттыруға ықпал етті, - дейді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен бірге, Алматы әкімі болашақта атқарылатын жұмыс жоспарлары туралы хабардар етті. 

Алматылықтардың 2/3 қамтылған ШОБ дамыту үшін кәсіпкеркерлікті дамытудың "Алматы Бизнес-2025" жаңа бірыңғай өңірлік бағдарламасы әзірленді. 2020 жылдан бастап қаржылық қолдау көлемін 4,5 млрд теңгеден 30 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланған, - дейді ол. 

Шаһар басшысының сөзінше, реформалар көтерме және бөлшек сауданы қолдауға бағытталады (қала экономикасындағы үлесі - 30%), әсіресе тауарлар мен жаңа технологиялар буыны қызметтерінің секторына.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланы ауызсумен толық қамту 2023 жылы аяқталатынын мәлімдеген болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...