Алматыда "Сұңқар" тұрғын үй кешені жанындағы үш үй карантинге жабылды 

19 Наурыз 2020, 17:15
2040
Бөлісу:
Алматыда "Сұңқар" тұрғын үй кешені жанындағы үш үй карантинге жабылды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты.

Бұған дейін карантинге алынған "Сұңқар" тұрғын үй кешенімен қоса, енді Достық, 42, Достық, 42а, Қабанбай батыр, 68 мекен жайы бойынша орналасқан үйлер де карантинге жабылды. Тұрғындарға үйден ұзап шығуға рұқсат жоқ. Себебі, бұл ауданнан коронавирус жұқтырған адам тіркелген болатын. Сондай-ақ, жақын маңда орналасқан азық-түлік дүкені де оқшауланды, - делінген ақпаратта.

Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстанда вирус жұқтырған 44 адам тіркелген. Олардың 19-ы Алматыда, 25-сі Нұр-Сұлтанда. 
Елімізде 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал,19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантинге жабылды.
Өзгелердің жаңалығы