Алматыда Pfizer-ды ақылы алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу басталды
5 Желтоқсан 2021, 15:30 759

Алматыда Pfizer-ды ақылы алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу басталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда тегін вакцина алушылар санатына кірмейтін, Pfizer-ды ақылы алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу басталды.

ДСМ түсініктемесі бойынша, Pfizer компаниясының Comirnaty тегін вакцинасын алушылар санатына кірмейтін, яғни 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерден бөлек барлық ниет білдірушілер бұл вакцинаны ақылы негізде ала алады.

Pfizer-мен вакциналау Алматы қалалық ҚДСБ-ның үш емханасында ғана жүргізіледі:

• №5 қалалық емханасы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 141, байланыс телефоны 8 (727) 344 98 04 немесе 8 707 101 28 93, 8 707 931 92 63 (WhatsApp).
• №7 қалалық емханасы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Бұқар жырау көшесі, 14, байланыс телефоны 8 (727) 376 33 99 немесе 8 701 111 61 81 (WhatsApp).
• №5 қалалық клиникалық ауруханасы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 220, байланыс телефоны 8 (727) 264 72 64 немесе 8 747 263 72 46 (WhatsApp).


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...