Алматыда нан бағасын тұрақтандыру үшін 150 млн теңге бөлінеді
3 Мамыр, 15:18 448

Алматыда нан бағасын тұрақтандыру үшін 150 млн теңге бөлінеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы өндірушілері қала дүкендеріне әлеуметтік нанды жеткізуді үшін субсидия алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қорынан қаладағы ұн тартатын кәсіпорындарға субсидияланған астықты жеткізу жалғасып жатыр. Әлеуметтік нанның сату бағасын бекіту үшін «Алматынан» ЖШС-не 150 млн теңге көлемінде айналым заемын бөлу жоспарланған.

Сонымен қатар жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуін тұрақтандыру мақсатында «Тоймарт» және «Магнум» сауда желілерімен келісім-шарттар ұзартылды. Small желісіне, сондай-ақ «Когер» ЖШС-не жұмыртқаны арзандатылған бағамен сатуға қосымша қаражат бағытталды,-деді ол.

Е.Оразалин Алматыда «В», «С» класты дүкендердегі бағаларға мониторинг жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ ірі дистрибьюторлар мен өндірушілерден тікелей көтерме бағамен бакалея өнімдерін тікелей жеткізу ұйымдастырылғанын хабарлады. Жеткізумен 1 мыңнан астам «үй жанындағы» дүкендер қамтылған, онда ӘМАТ сегіз атауы бойынша (жұмыртқа, қант, күріш, ұн, күнбағыс майы, қарақұмық, макарон, тұз) шамамен 1,5 мың тонна өнім тиелген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...