Бас жаңалықтар
Алматыда митинг өткізуге тыйым салынбақ
20 Қазан 2020, 11:49 256

Алматыда митинг өткізуге тыйым салынбақ

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Жандарбек Бекшин қалада карантин шаралары қайта күшейтілетінін айта келе адамдар көп шоғырланатын жиындарға да тыйым салынатынын жеткізді. 

Қазір адамдардың көптеп шоғырланып, митинг ұйымдастыруға тыйым салуды қарастырып жатырмыз. Митинг және басқа да жиындарға бір айдай тыйым болған жоқ. Өйткені ауру көрсеткіші төмен болды. Қазір індеттің таралуы көтеріле бастады. Сондықтан осы мәселеге назар бөліп, тыйым салуды қарастырып жатырмыз, - деді ол. 

Бұған дейін ол қаладағы эпидемиологиялық жағдайды күрделене бастағанын жеткізген болатын.

Өткен аптада қаланың бас санитар дәрігерінің қаладағы карантин шараларын күшейту жөнінде қаулысы шыққан болатын. Қаулы бойынша бір үйдегі адамдардың санын қоспағанда 10-нан астам адам қатысатын отбасылық салтанатты шараға, яғни банкеттер, үйлену тойы, еске алуды өткізуге тыйым салынған. 

Оған қоса қоғамдық көліктегі жолаушылар тығыздығын азайту мақсатында автобус жұмысы сағат 23.00-ге дейін ұзартылған еді. Сондай-ақ, демалыс орындары мен саябақ, бульварларда маска киіп жүру қайта міндеттелген.

Загрузка...