Бас жаңалықтар
Алматыда Крещениедегі шомылу рәсімдері қалыпты жағдайда өтті – ТЖД
20 Қаңтар 2021, 12:55 183

Алматыда Крещениедегі шомылу рәсімдері қалыпты жағдайда өтті – ТЖД

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының ТЖ департаменті түнгі Крещение шомылу рәсімдері қалыпты жағдайда өткенін мәлімдеді. 

19 қаңтарға қараған Крещение түнінде оңтүстік астананың көптеген тұрғындары мен қала қонақтары су алуға және шомылу үшін купельдерге барды. Алматы қаласы ТЖ Департаменті мен қаланың басқа да қызметтерінен  200-ден астам қызметкер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті,-делінген хабарламада. 

Сондай-ақ кезекшілік 18 қаңтар күні сағат 22.00-ден бастап 19 қаңтардың 22:сағатқа дейін ұйымдастырылған. Шомылуға келгендер саны түнгі сағат 00-ден 03 аралығында көп болған. 

Шомылуға арналған әрбір орын мұзға төселген арнайы өту жолдарымен және киім ауыстыратын орындар, сондай-ақ жарықпен қамтамасыз етілді. Барлық орындарда құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік жасады. Шомылу рәсімдері қалыпты жағдайда өтті. Келушілерге жедел қызметтердің көмегі қажет болмады,-делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...