Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мұқтаж тұрғындардың жекелеген санаттарын қолдау мақсатында коммуналдық қызметтер бойынша қарыздары алынып тасталды.
Қала әкімдігі бұл шара халықтың әлеуметтік осал топтарын қамтығанын хабарлады.
Қаланың «АЛТС» және «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорныдары жергілікті бюджеттің есебінен төленген жылудың, ыстық және суық судың дебиторлық қарыздарын есептен шығарды. Аталған шараға 79,9 млн теңге жұмсалады және онымен 5 055 адам қамтылды,-делінген хабарламада.
Қарыздары аланып тасталған санатқа мына тұлғалар жатады:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектері - 78 061 теңге бойынша 11 адам;
- еңбек майданына қатысушылар - 4 659 507 теңге бойынша 840 адам;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілгендер - 1 520 764 теңге бойынша 115 адам;
- басқа мемлекеттерде болған соғыстардың ардагерлері - 1 881 004 теңге бойынша 49 адам;
- кәмелетке толмаған 4 немесе одан көп балалары бар көпбалалы отбасылар - 15 898 519 теңге бойынша 462 адам;
- бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер - 37 619 113 теңге бойынша 2 709 адам;
- атаулы әлеуметтік көмек алатындар - 6 735 501 теңге бойынша 224 адам;
- ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер - 7 770 687 теңге бойынша 211 адам;
- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар - 2 438 187 теңге бойынша 346 адам;
- асыраушысынан айрылғаны үшін жәрдемақы алатын отбасылар - 1 271 369 теңге бойынша 88 адам.