Алматыда ХҚКО жұмысын қайта бастады

25 Мамыр 2020, 12:36
2816
Бөлісу:
Алматыда ХҚКО жұмысын қайта бастады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда ХҚКО жұмысын қайта бастады, одан тыс 40-қа жуық өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы  Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің шешімімен бүгіннен бастап Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.  Қаладағы 16 фронт-офис, 5 мамандандырылған ХҚКО-ның,  2 Миграциялық қызмет көрсету орталығының және 2 Цифрлық қызмет көрсету орталығы қызметі қайта бастады. 

Жұмыс уақыты таңғы сағат  9.00-ден 18.00-ге дейін. Алдын ала жазылусыз ХҚКО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді. Вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданған.

Енді алматылықтар электронды форматта атқарылмайтын, "қағаз" жүзіндегі қызметтерді ХҚКО-дан ала алады. Бұл шамамен 100 мемлекеттік қызмет, оларды алу үшін ХҚО-ға бару қажет. Сондай-ақ ХҚО-дан egov.kz порталы арқылы онлайн түрде рәсімделген қызметтердің дайын нәтижесін алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматына көшуге байланысты нысандар эпидемияға қарсы барлық санитариялық режимді қатаң сақтау, әлеуметтік қашықтық және адамдар ағынын реттеу секілді шараларды сақтай отырып жұмыс істеуде, - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.     

Осылайша, Алматы қаласындағы 5 мамандандырылған ХҚО-ның,  2 Миграциялық қызмет көрсету орталығының және 2 Цифрлық қызмет көрсету орталығын қоса алғанда 16 фронт-офистің қызметі қайта басталды. Оларда жұмыс істейтін 1600-ден астам адам, оның ішінде клиенттермен тікелей байланыста жұмыс істейтін 933 фронт-офис қызметкерлері жұмысқа оралды. Жұмыс уақыты дүйсенбі мен сенбі аралығында, таңғы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Алдын ала жазылусыз ХҚКО-да ешқандай қызмет көрсетілмейді. 
ХҚКО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы алдын ала брондау қажет. 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамасына көшуге байланысты нысандар эпидемияға қарсы барлық санитариялық режимді қатаң сақтау, әлеуметтік қашықтық және адамдар ағынын реттеу секілді шараларды сақтай отырып жұмыс істеуде. 

Қалған, электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда, екінші деңгейдегі банктерде, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде, "Нұр Отан" партиясы кеңселерінде, сауда орталықтарында, автосалондарда,  және т.б. орындардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларынан ала алады. Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, - дейді Данияр Қырықбаев.     

Бүгінгі таңда, Алматы қаласы филиалы үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға 40-қа жуық eGov бұрышын дайындап қойған. Осындай өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының қатарында мына орындар бар. 

• Тұрғын үй департаменті, Жароков көшесі, 215
• Медеу аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Төле би көшесі, 12. уг.Қалдаяқов көшесі
• "Бақытты отбасы" орталығы, Зенков к-сі, 15
• Жұмыспен қамту орталығы, Назарбаев көшесі, 50
• № 72 мектеп,  Думан ш.а.
• "Казпочта" АҚ, Алатау ш.а.
• "Көк базар" әмбебап базары, Жібек жолы даңғылы 53 / Мақатаев 44
• "DOSTYK PLAZA" СОО, Самал шағын ауданы-2,111
• "Нұр Отан" кеңсесі, Достық даңғылы, 124
• "Галерея" сауда кешені, Тимирязев көшесі, 42
• "Мега Alma-Ata" СОО, Розыбакиев к-сі, 247А
• "Бақытты отбасы" орталығы, Шұғыла ш.а.  347/2.
• "FORUM" СОО, Сейффулин д-лы, 617
• Бостандық ауданы әкімінің аппараты, Айманов көшесі, 191
• "PROMENADE" СОО, Абай даңғылы, 44а
• Райсобез, Мақатаев к-сі, 142
• "Нұр Отан" кеңсесі, Құлагер ш.а.  59/1
• МФК RAMSTORE ALL IN, Назарбаев даңғылы, 226
• Райсобез, Нұркент ш.а.  5/18
• "Qoldaý (кәсіпкерлік орталығы), Рихард Зорге к-сі, 9А
• "Mаrt Village" СОО, Рихард Зорге к-сі 18/1
• Цифрлық ХҚО,. Әйгерім 2 ш.а., Бенберин к-сі, 89
• Казпочта, Алатау 61 опс, Райымбек к-сі 383
• "Domillion" СОО, Рысқұлов д-лы, 143б
• Казпочта, Бөгенбай батыр к-сі, 134
• Казпочта, Алтынсарин д-лы, 11 ш.а.. д. 27
• Әуезов аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 3 ш.а. 
• "Мәскеу" СОО, Алтынсарин к-сі, Абай қиылысы
• Тұрғын үй жинақ құрылыс банкі,. Жетысу-2 ш/а.,70Б 
• Әуезов аудандық МКБ, Алтынсарин даңғылы, 23
• Цифрлық қызметтер орталығы, Алмалы-1 ХҚО, Сүйінбай д-лы, 2, к 4
• "Белас" СҮ, Жұмабаев көшесі, 71
• "Максима" СОО, Райымбек даңғылы
• "ЭДЕМ" СО,Кудерин к-сі, 3/1
• "Нұр-Отан" кеңсесі, Жетісу ауданы, Құлагер ш.а., 59/7
• Жетісу ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Құлагер ш.а., 59/1
• Салық комитеті, Абылайхан даңғылы, 2
• «Жетісу-Семиречье» СОО, Қайрат ш.а, 181
• "Нұр Сәт" базары, Ақсуат ш.а., 118/1
• "ТУРКСИБ" жәрмеңкесі, Сүйінбай даңғылы, 261

     Мұнда көрсетілетін қызметті алушыларға порталға тегін негізде кіру мүмкіндігімен техникалар (жеке компьютерлермен, веб-камералармен және қосалқы құралдармен жабдықталған) қойылған.

  Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретін болады.

   Дегенмен, 3 санаттағы азаматтар, яғни, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

      ХҚО-ға тек бетпердемен кіргізіледі. Ғимараттың алдында келушілердің әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы таңбалар сызылған. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі жойылған жоқ, бұл шаралардың барлығы алматылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Өзгелердің жаңалығы