Бас жаңалықтар
Алматыда "Ер қанаты" деректі фильмі таныстырылды
20 Ақпан 2020, 21:24 118

Алматыда "Ер қанаты" деректі фильмі таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында "Бабалар мұрасы" циклы бойынша түсірілген режиссер Бақыт Қайырбековтың "Ер қанаты" деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Бұл фильм – этнографиялық зерттеу. Картина бойы авторлар сарапшылармен бірге ұлттық эпосқа және мифологияға, сондай-ақ тарихи мәліметтерге сүйене отырып, қазақ жылқысының тарихын зерттейді. Кинотуынды жылқыға байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың тарихы туралы баяндайды.

Бұл фильм жазиралы кең далада өсіп, шыдамдылық және төзімділік қасиеттерімен ерекшеленетін, халқымыз айрықша қастерлейтін  қазақ жылқысын бүкіл әлемге таныстыру мақсатында жасалған. Көп нәрсе фильмге кірмей қалды, бірақ, көрермендерге ең бастысын жеткізе алдық деп ойлаймын, - деді фильмнің режиссері Бақыт Қайырбеков
Деректі таспаның түсірілімі Шығыс Қазақстан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Алматы облыстарында, сондай-ақ Монғолияда өтті. Сонымен қатар, картинада Ботай мен Берелдегі қазба жұмыстарының мұрағаттық кадрлары қолданылды.

Жобаны жасауға тарихшы және этнолог Ахмет Тоқтабай, көптеген бірегей археологиялық олжаларды қалпына келтіруші Қырым Алтынбеков, Елена Молчанова сияқты белгілі ғалымдар қатысты.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...