Бас жаңалықтар
Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесін реконструкциялау басталады
13 Маусым 2019, 14:23 433

Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесін реконструкциялау басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің учаскелерін реконструкциялауға қатысты автокөлік пен жаяу жүргіншілер үшін кейбір қозғалыс бөліктері жабылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Бүгін Жібек жолы бойымен Желтоқсан көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін автокөлік қозғалысы жабылады. Көшенің солтүстік жағындағы жаяу жүргінші жолы ашық.

Достық даңғылы бойында тек жаяу жүргіншіге қатысты екі учаске ғана Құрманғазы көшесінің төменгі шығыс жағы мен Қабанбай батыр көшесі жабылады. Қоғамдық кеңістікті модернизациялау жұмыстарының барлығы қалалықтарға ыңғайлы болу үшін кезеңмен жүргізіледі. Арнайы қоршаулар мен жүргінші траптары қойылған.

«Қала адамдар үшін» концепциясы бойынша осы көшелерде энергия жинақтаушы тротуар шамдары, көше жиһаздары, спорт және балалар алаңдары, фонтан кешендері пайда болады. Жасылдандыру қолға алынады, ескі ағаштарды сақтай отырып, жаңа ағаштар отырғызу, суарудың автоматты жүйесін тарту жоспарланған.

Биылғы жылы қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50% қамтитын тағы 600 ауланы жөндеу жоспарланған. 140-тан астам көшеде орташа жөндеу басталды. Қаланың 14 ықшам аудандарында 456 көше салынуда. Қаланың шет аймақтарындағы бірқатар парктер, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қала кеңістігінің қауіпсіздігі үшін 120-дан астам көшеге жаңа LED шамдары орнатылады.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық