Қарағандыда Нұркен Әбдіров даңғылындағы жарық шамдары ауыстырылады

13 Маусым 2019, 14:12
2373
Бөлісу:
Қарағандыда Нұркен Әбдіров даңғылындағы жарық шамдары ауыстырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы уақытта Нұркен Әбдіров даңғылындағы барлық шамдар ауыстырылады. Қазіргі таңда көше бойындағы жарық құралдарының пайдалану мерзімі аяқталды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Жаңарту жұмыстарын Қарағанды қаласының «Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасы» КММ орындайтын болады. Бұған дейін көшелердегі жарықтандыру жүйесіне жеке фирмалар жауапты болатын, алайда осы жылдың басынан бұл міндеттер мемлекеттік ведомствоға берілді.

Өткен аптада саябақтар басқармасының қызметкерлері Нұркен Әбдіров даңғылында орналасқан «Кукуруза» дүкенінің маңындағы жарық шам бағанасын қалыпқа келтірген болатын. Оның темір негізі шіріп, қатты желдің салдарынан бағана қисайып қалған.

«Біз тұрақты түрде барлық шамдарды тексеріп отырамыз. Және де жөндеу қажет болған жағдайда оларды қалпына қелтіреміз. Ал кей кезде ақаулар туралы тұрғындар хабарлайды», - дейді кәсіпорынның инженер-энергетигі Ардақ Балғабай.

Саябақтар басқармасының қызметкерлері «Сүйінші» және «Айбын» стелаларына жарықтандыру құрылғыларын орнатқан. Барлығы кәсіпорынның меншігінде 90-нан астам нысандар бар.

Өзгелердің жаңалығы