Алматыда бағаны асыра көтерген дәріхана жабылды

29 Қыркүйек 2020, 14:55
1464
Бөлісу:
Алматыда бағаны асыра көтерген дәріхана жабылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында фармацевтикалық қызметпен айналысатын ЖШС-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған «A» ЖШС-і  осы жылы дәрі-дәрмекті белгіленген шекті бағасынан бірнеше рет асырып жіберген. Серіктестік Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған препараттың сауда атауының шекті бағаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104 бұйрығын бұза отырып, «Кардиомагнил» №100 препаратының 150 мг 2115 теңге бағасымен сатқан. Бұл факт 2020 жылғы 28 шілдедегі рейдтік тексеру кезінде анықталды, - делінген хабарламада.

Аталған ЖШС «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабының  2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, фармацевтикалық қызметтік лицензиясын 1 ай мерзімге тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы