Алматыда арнайы операция кезінде пәтер тонаушылар тобы ұсталды

19 Тамыз 2021, 13:40
3695
Бөлісу:
Алматыда арнайы операция кезінде пәтер тонаушылар тобы ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы ПД қала полицейлері пәтер ұрыларын ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізгендерін хабарлады. Кезекті ұрлық жасағаннан кейін «қылмыстық квартет» бірден ұсталды. Арнайы бөлім қызметкерлері олжамен кетіп бара жатқан ұрыларды дер кезінде құрықтаған.

Бұл топтың құрамына Алматы мен Түркістан облыстарының 32 жастан 36 жас аралығындағы төрт ер адам кіреді. Ұстауға бірнеше минут қалғанда қаскөйлер кілтті таңдау арқылы Ақбұлақ ықшам ауданында орналасқан үйлердің біріне кіріп, сол жерден бөтеннің жалпы құны 500 мың теңгеден асатын мүлкін ұрлап кеткен. Ұрланған заттарды, тауарды және ақшаны тергеу-жедел тобы тәркіледі және ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген қылмыстық іс материалдарына тіркеді. Күдіктілер Уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сонымен қатар ол ұсталғандардың қаланың Алмалы және Бостандық аудандарының аумағында осыған ұқсас тағы үш ұрлыққа қатыстылығы дәлелденгенін атап өтті. Криминалдық полицияның мәліметінше, әшкереленген ұрылар негізінен шаһардың орталық бөлігін торуылдаған.

Өзгелердің жаңалығы