Жетісайлық тұрғыннан 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді

19 Тамыз 2021, 13:30
7763
Бөлісу:
Жетісайлық тұрғыннан 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында ер адамнан 1 тоннадан астам және 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жетісай аудандық полиция бөлімінің полицейлерімен бірге республикалық «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі егістігін анықтап, жойды. Полицейлерге Жетісай ауданында жергілікті тұрғынның бірі өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егіп-өсірумен айналысады деген хабарлама түседі. Ақпарат алысымен полицейлер бірден ақпараттың шынайылығына көз жеткізу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жетісайлық полицейлердің жан-жақты тексеру жұмыстары нәтижесінде үйінің ауласының артқы жағында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген жергілікті тұрғынды ұстады. Тәртіп сақшылары күдіктінің ауласынан айғақты зат ретінде 840 түп өсіп тұрған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, хош иісті өсімдікті тәркіледі.

Сонымен қатар тұрғынның учаскесінен кептіріп жайып қойған тағы да 289 дана сіріңке қорабына салынған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, хош иісті есірткі затының жапырақтары алынды.

Жетісай аудандық полиция бөлімінде аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған ірі мөлшердегі өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақты зат ретінде алынған есірткіге сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген түптердің 1 тоннадан астам «сора», ал сіріңке қорабындағы есірткі затының «кептірілген марихуана» екені расталды. Ал күдікті ер адам қамауға алынды. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.



Өзгелердің жаңалығы