Бас жаңалықтар
«Алматы жастары» баспанамен қамту бағдарламасына өзгеріс енгізілді
01 Наурыз 2021, 16:35 344

«Алматы жастары» баспанамен қамту бағдарламасына өзгеріс енгізілді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров онлайн брифинг барысында аталған бағдарламаға енгізілген өзгерістерді атады.

Оның айтуынша, «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша биыл қаладағы 1 мыңдай отбасыны баспанамен қамту көзделіп отыр. Оның үстіне бағдарламаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Баспана нарығындағы өзгерістерге байланысты қарыз беру сомасының шекті көлемі 18 млн теңгеге дейін өсіпті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 14 млн теңге болған. Жылдық пайыздық мөлшерлеме 5%, алғашқы жарна 10%. Сондай-ақ бірінші және екінші деңгейлі баспананы алу мүмкіндігі қарастырылған. 

Берілетін қарыздың ең жоғарғы сомасы 18 млн теңге. Кейбіреулері одан аз алуы мүмкін. Егер 18 млн теңге алған жағдайда алғашқы 8 жыл 5%-бен төлейді, яғни айына 141700 теңге төлейді. Ал қалған жылдарын 3,8 пайыздық мөлшерлемесімен төлейді. Бұл кезде айына төлейтін соммасы 83 500 теңге көлемінде болады, - деді ол. 

Бағдарлама бойынша жастарға қойылатын талапқа келсек. Қатысушының жасы 30-ға толмауы керек, соңғы бес жылда атында жылмайтын мүлкі болмауы қажет және соңғы алты айда Алматы қаласында жұмыс істеген болуы керек. 

Бұған дейін жастардың тұрғылықты жері Алматы қаласында болғаны талап етілетін, алайда қала әкімінің тапсырмасымен ол талап алынып тасталды. Оның үстіне білім, медицина, әлеуметтік сала, спорт, мәдениет және журналист болып жұмыс істейтін жастар осы бағдарламаға қатыса алатын. Биылдан бастап әскери және құқық қорғау органдарында қызметте жұмыс істейтін мамандар да қатысатын болды, - деді Әміров. 

Бағадарламаға қатысушыларды бағалау кезінде жастардың некеде тұрған әр жылына 2 балл, бірінші балаға 1 балл, одан кейінгі балаларға 2 балдан, үзіліссіз бір жерде жұмыс істегені үшін әр жылына 2 балдан қосылады екен.


Фото: дереккөз
Загрузка...