Бас жаңалықтар
Алматы облысындағы жаппай төбелестің мән-жайы анықталды
14 Қыркүйек 2021, 12:13 219

Алматы облысындағы жаппай төбелестің мән-жайы анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облыстық Полиция департаменті 13 қыркүйек күні әлеуметтік желіде тараған жаппай төбелеске қатысушылар анықталғанын мәлімдеді.

Департаменттің мәліметінше, 12 қыркүйек сағат 13:00 шамасында Іле ауданында Междуреченск кентінің «Сокол» саяжай қоғамының 34 жастағы тұрғыны өз үйінде еске алу түскі асын ұйымдастырған.

Көптеген адам жиналған іс-шара барысында мас күйінде болған үй иесі мен оның туыстарының арасында жанжал болып, өзара төбелеске түсті. Туыстары жанжалға араласып, аталған екі ер адамды тыныштандырды. Жанжалға қатысушылардың ешқайсысы полицияға жүгінген жоқ, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Іле ауданының ПБ қызметкерлері тексеру жүргізген. Нәтижелері бойынша үй иесіне қатысты карантин режимін бұзғаны үшін Іле анданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына материал жолданыпты. Жанжал тудырған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабында қарастырылған «ұрып-соғу» әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал жақын арада мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданады.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы Іле ауданындағы Шамалған саяжайлары аумағында түсірілген жаппай төбелес видеосы тарағаны туралы хабарлағанбыз.


Фото: дереккөз
Загрузка...