Алматы облысында жаппай төбелес болды

14 Қыркүйек 2021, 07:15
5499
Бөлісу:
Алматы облысында жаппай төбелес болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды.

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Іле ауданындағы Шамалған саяжайлары аймағында түсірілген жаппай төбелес видеосы тарап жатыр. Төбелес іс-шарадан кейін басталғаны айтылған. Ал жанжал шығарғандарды ажыратауға ауыл тұрғындары араласқан.

Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, Іле аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Междуреченский ауылындағы жаппай төбелестің барлық себебі мен мән-жайы, сонымен қатар төбелеске қатысқандар анықталатыны хабарланған.

Полиция мәліметінше, тұрғындардың ешқайсы төбелестен кейін арыз түсірмеген және ауруханаға ешкім дене жарақатымен жүгінбеген. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатыны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы