Бас жаңалықтар
Алматы облысындағы жол апаты: Автобус жүргізушісі қаза тапты
15 Қыркүйек 2019, 21:11 531

Алматы облысындағы жол апаты: Автобус жүргізушісі қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдын ала ақпарат бойынша Шамалған станциясындағы жол көлік оқиғасынан 1 адам мерт болып, 9 адам жараланған. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалмұрат Жүкел хабарлады.

Автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері жетті. Оқиға орнында тиісті сала басшылары жетті. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев оқиға орнында. Жақын арадағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қосымша ақпарат толықтырылып беріледі.

Бұған дейін Алматы облысындағы Шамалған станциясында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысып қалғанын жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...