Бас жаңалықтар
Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар бойынша 86 қылмыстық іс қозғалды
07 Шілде 2020, 18:23 115

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар бойынша 86 қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар бойынша 86 қылмыстық іс қозғалды, деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында.

Биыл бұл мәселе өзекті болып отыр. Елде төтенше жағдай жарияланғалы әлеуметтік желі бақыланып отырды. Төтенше жағдай 11 мамырда аяқталса да, біз әлеуметтік желіні белсенді бақылауды тоқтатпадық. Ондай фактілерді анықтап, зерделейміз. 86 қылмыстық іс қозғалып, 6 адам бас бостандығынан айырылды. Құқықтық жауапкершілік қылмыстық заңнамамен нақты анықталған, - деді ол. 
Министрдің орынбасары жауапкершілік мәселесі қоғамға зардап тигізудің салдары бойынша қаралатынын айтты. 

Айта кетейік, Алексей Калайчиди дәрі-дәрмектерді қымбат бағаға сатқандарға да жаза қатаң болатынын айтқан еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...