Ақылы жолдарда кімдер жеңілдікпен жүре алады?

7 Желтоқсан 2021, 14:40
1248
Бөлісу:
Ақылы жолдарда кімдер жеңілдікпен жүре алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келесі аудандарда тіркелген жеңіл автокөлік құралдарының иелері мұндай мүмкіндікті пайдалануға құқылы.

 1. «Қапшағай – Талдықорған» жолында - Қапшағай, Кербұлақ, Көксу, Ескелді аудандары, сондай-ақ, Талдықорған қаласы; 

2. «Тараз – Қайнар» жолында - Қордай, Шу, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Байзақ аудандары; 

3. «Шымкент – Тараз» жолында - Сайрам, Түлкібас, Жуалы, Жамбыл аудандары; 

4. «Шымкент – Қызылорда» жолында - Кентау, Сауран, Ордабасы, Байдібек, Сайрам, Жаңақорған, Шиелі аудандары; 

5 «Шымкент – Ташкент» жолында - Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш аудандары; 

6. «Щучинск – Көкшетау» жолында - Бурабай, Зеренді аудандары, Щучинск қаласы; 

7. «Нұр-Сұлтан – Павлодар» жолында - Целиноград, Ерейментау аудандары, Екібастұз және Ақсу қалалары.

Өзгелердің жаңалығы