Бас жаңалықтар
АҚШ КВИ жұқтырудан жаңа тәуліктік рекорд орнатты
24 Қазан 2020, 18:44 170

АҚШ КВИ жұқтырудан жаңа тәуліктік рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та бір күнде 84 мыңға жуық адам вирус жұқтырды. Бұл туралы ria.ru Джон Хопкинс университетіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

АҚШ-та тәулігіне коронавирус инфекциясының 83 мың рекордтық жағдайы анықталды. COVID-19-бен ауырған 900-ден астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Джонс Хопкинс университеті.

Университет федералды және жергілікті биліктің, сондай-ақ БАҚ пен басқа да ашық ақпарат көздерінің мәліметтерін жинақтайды.

Бұл шілде айынан кейінгі көрсеткен рекордтық көрсеткіш болды. Бұған дейін АҚШ-та шілде айында аурудың ең көп саны - 77 мыңнан аса жағдай тіркелген.

Университеттің мәліметінше, өткен 24 сағат ішінде елде 83 757 инфекция тіркелген, 943 адам қайтыс болған.

Бір күн бұрын бұл көрсеткіштер сәйкесінше 71 671 және 856 болды.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, эпидемия басталғаннан бері АҚШ-та коронавирус инфекциясының 8 493 747 жағдайы анықталды. 224 мыңға жуық адам қайтыс болды. 3,4 миллионға жуық жұқтырған адам емделіп шықты.


Фото: дереккөз
Загрузка...