Бас жаңалықтар
Ақмолалық оқушы өз өнертабысын патенттеді
17 Мамыр 2021, 15:15 263

Ақмолалық оқушы өз өнертабысын патенттеді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Асылхан Қали саусақ іздерін танитын ұрлыққа қарсы құрылғы ойлап тауып, өз өнертабысын патенттеді.

Асылхан өзінің қатарластары сияқты көлік жүргізгенді ұнатады. Ол көлік ұрлығы жыл санап көбейіп келе жатқанын білген кезде, «автокөлік иесін сәйкестендіретін ұрлыққа қарсы жүйе» тақырыбында жоба дайындау туралы идея келгендігін айтады.

Жұмыс бірнеше айға созылып, содан кейін бір жыл ішінде түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Жобаның басты артықшылығы – оның қауіпсіздігі мен сенімділігі. Иесі мен сенімді адамдар машинаны ашып, саусақ ізі сканері арқылы қозғалтқышты іске қоса алады. Мен осылайша көлік ұрлау мәселесін шешуге өз үлесімді қосқым келеді. Алдын ала болжам бойынша ол ұрлыққа қарсы классикалық жүйелерден он есе асып түседі, – деп бөлісті оқушы.

Жобаның мақсаты – Raspberry Pi микросхемасы мен саусақ ізін тану сканері негізінде автомобильді ұрлауға жол бермейтін жүйе құру. Оқушы жаңа жүйеге авторлық құқық алды.

Жоба автомобиль ұрлығына жол бермеу және балалардың тұтану кілтін кездейсоқ пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең жақсы нұсқасы болып табылады. Өйткені балалардың автомобильде ересектердің қарауынсыз қалып, қозғалтқыш кілтін қосатын жағдайлар көп. Сондай-ақ қозғалтқыш құлпының болмауы көлік ұрлаушыға автомобиль ұрлау кілтін таңдауына мүмкіндік бермейді.

Автокөлік иесінің саусақ іздерін қолдана отырып, қозғалтқышты іске қосу жоғарыда аталған мәселелерді шешеді. Ұрлаушы көлікті жүргізуге тырысқанда, бірден сигнализация іске қосылады. Сондай-ақ көлікте қозғалтқыш құлпының болмауы балалар үшін де қауіпсіз болып саналады. Бұл жүйе алдын ала сақталған саусақ іздері бар кез келген автомобильге оңай орнатылады, - деп бөлісті жобаның жетекшісі, информатика мұғалімі Лаура Шегирова.

Бүгінгі таңда ұрлыққа қарсы жүйенің моделі жасалып, өнертабыс патенттелді. Болашақта Асылхан тәлімгерлерімен бірге оны автокөлік нарығында сатуды жоспарлап отыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...