ӘЧ. Ералхан Айкөз корей стилінде бірінші орынға шықты

18 Қыркүйек 2021, 21:13
3744
Бөлісу:
ӘЧ. Ералхан Айкөз корей стилінде бірінші орынға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Иран ислам республикасының Тегеран қаласында өтіп жатқан ат үстінде садақ атудан әлем чемпионатында жерлесіміз Ералхан Айкөз жақсы нәтиже көрсетті.

Әлемнің 15-тен атсам елінен келген 25-ке жуық сұрмергеннің ортасында біздің елден барған қос спортшымыз жақсы көрсеткішке қол жеткізді.

ӘЧ. Ералхан Айкөз корей стилінде бірінші орынға шықты

Корей стилі бойынша ат үстінде садақ атуда 22 спортшыдан топ жарып, жалпы ұпай санымен алоға шыққан Ералхан айкөздің қоржынында 36 ұпай бар. Ал тура осы сайыста өнер көрсеткен тағы бір жерлесіміз Елдос Бадашев 24 ұпаймен 14-орынға тұрақтады.

Алда атпен садақ атудың тағы үш түрінен сынға түсетін жігіттерімізге сәттілік тілейміз.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иранда өтіп жатқан әлем чемпионатында ел намысын екі спортшымыз қорғайтыны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы