Бас жаңалықтар
Абай-175: Режиссер концертке дайындық туралы айтты
21 Қаңтар 2020, 17:06 785

Абай-175: Режиссер концертке дайындық туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі маңызды концерт үшін ұйымдастырушылар еліміздің әр өңірінен үздік өнер иелерін таңдаған.

Қазір елордадағы "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуына орай концерт аяқталды. 

Осы концерттің басынан соңына дейін дайындығына қатысып, сахнаға шығатын өнерпаздардың қалай таңдалғаны және қанша уақыт кеткені туралы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Нұрқанат Жақыпбай журналистерге айтып берді.

Концертке ұзақ дайындалдық. Мұнда Қазақстанның барлық өңірінен келіп дайындалды. Үлкендермен қатар балалар да бар. Алматы мен Нұр-Сұлтаннан бөлек, басқа өңірлерден хорлар қатысты. Тек Абайдың шығармалары: қара сөздері, поэзиясы алынды. Елбасы мен президенттің мақалалары тақырыптық көмек болды. Сондықтан бүгін өз дегенімізге жеттік қой деген ойдамыз. Абай жолын "дұрыс бастадық қой" деп есептеймін. Көрерменнің қабылдауына қарап осылай айтуға болады. Бүгін 18-20-ға жуық қойылым болды. Сценарийді желтоқсан айында жаздық. Сосын еліміздің әр өңіріне барып, өнершілерді таңдадық. 5 қаңтардан бастап бас репетициялар басталды, - деді "Жастар" театрының бас режиссері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Елордадағы "Астана Опера" театрында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуына орай өткен кешке ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай Құнанбайұлының рухын асқақтату үшін ұйымдастырылған шара екенін атап өтті.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейді 500-ден астам шара ұйымдастырылмақ.


Фото: дереккөз
Загрузка...