Абай 175: Ұлы ойшылдың рухын асқақтату үшін игі бастама – министр

21 Қаңтар 2020, 15:48
2754
Бөлісу:
Абай 175: Ұлы ойшылдың рухын асқақтату үшін игі бастама – министр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуы рәсімінде мәдениет және спорт министр Ақтоты Райымқұлова сөз бастады.

Бұл – ел тарихында өшпес із қалдырған ұлы ойшылымыздың рухын асқақтату үшін қолға алынған игі бастама. Осыған орай биыл халықаралық және республикалық деңгейде жұмыстар атқарылмақ. Бұдан ширек ғасыр бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ұлы ойшылдың 150 жылдығы аталып өткен болатын. Бұл мерейтой егемен еліміздің еңсесін тіктеуге, ұлттық санасын оятуға зор үлес қосты. Тұңғыш президентіміз сол жиында Абай халқына қамқор, ұлтына жанашыр бола жүріп, күллі адамзатқа мейірлі, гуманистік өреге көтерілді деген еді. Шын мәнінде, кемеңгер тұлғамыздың мол мұрасы бүкіл адам баласы үшін аса құнды әрі тағылымды дүние, - деді министр.

Сонымен қатар, Ақтоты Райымқұлова Абайдың ой толғамдарының маңызыдылығын атап, ұрпағымызды ұлы ақынның өсиетін бағалау керектігін жеткізді.
Сондықтан Абайдың өнегелі өсиетін дәріптеу бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы деп білеміз. Бұл мәселеге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жақында жарық көрген "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ Ұлы ойшылдың еңбектері күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпай, баршамызға рухани азық болып отырғанын ерекше атап өтті.

бик1.jpeg
Қазіргі таңда еліміздің алдында биік мақсаттар тұр. Мемлекетімізде саяси, экономикалық, әлеуметтік саладағы жаңғыру үдерісі жүзеге асырылып жатыр. Осы орайда, Абайдың ой толғамдары бізге нақты бағыт-бағдар береді. Оның асыл сөздерінен артық құндылық жоқ. Елбасымыз айтқандай, "Абай армандары – тек бір ғана ұлт емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар". Сондықтан ұлы ойшылдың ілімін терең зерделеп, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде пайдалануымыз керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы "Абай – мемлекет ісінің мүдделесі" деп атап өткендей, ұлы ойшыл бірлігі жарасқан ел болу идеясының жақтаушысы бола білді, - деді ол.

Министр ұлы ақынның өсиет сөздерін мысал етіп, даналығының дәлелі екенін айтты.
Ол ұлтымызды ортақ мақсатта ұйыстырып, әділетті қоғам құру идеясын алға тартты. Бүгінгі халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы дәл осы ұстаныммен сабақтас. Ұлы Абай шығармашылығының өзегінде елдің қамы, қуанышы мен қайғысы, келешегі, арман-мұраты тұр. Жаңа қоғам мен жаңа адамды қалыптастыру идеясы да Абайдан басталады. Ол елдің үнемі алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болып, халқымызды жаңа өмірге бейім болуға шақырды. Хакім Абайдың тіл үйренуді және жаңа кәсіп игеруді ерекше дәріптегенін жақсы білеміз. Ұлы ақын "Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылымға ар, мінез деген нәрселермен озбақ" дейді. Бұл – Абай даналығының тағы бір жарқын дәлелі. Ол бүкіл қазақ жұртын еңбекке баулыды. Абай саналы ғұмырында ұлтжандылықтың, елдікті қадірлеудің озық үлгісін көрсетті. Ұлы ғұламаның мұрасы және өнегелі өмірі – шынайы отаншылдықтың мектебі. Ұрпақ тәрбиесінде әрдайым Абайдың ұлтына сіңірген еңбегін дәріптеуіміз керек. Кемеңгер ойшыл елдің дамуын тежейтін әдеттерден аулақ болуға шақырды. Әсіресе, мақтан мен масылдық психологиядан арылып, адал еңбең етуге үндеді. Ұлы ойшылдың ғибратты сөздері тәуелсіз Қазақстанның жаңы серпінмен дамуы үшін қажет. Сондықтан бұл мерейтойдың танымдық және тағылымдық мән-маңызы өте зор, - деді Райымқұлова.
бик.jpeg


Айта кетсек, қазір елордадағы "Астана Опера" театрында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуына орай өтіп жатқан кешке ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.


Өзгелердің жаңалығы